+7 (727) 267-28-83

мир

10 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Бектурбекова Фатима Құралбекқызы «Мемориалдық естелік. Соғыс және әдебиет» атты халықаралық бейнетрансляция форматындағы семинарға қатысты (Zoom бағдарламасында). 

Семинарды ұйымдастырушылар: Даниил Гранин мұрасын сақтау және көпшілікке насихаттау қоры және Даниил Гранин атындағы № 9 кітапхана, Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік мекемесі Невский орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі.

Семинарға Ресей Федерациясы, Белорусь, Қазақстан және Қырғызстан Республикалары ғылыми мекемелерінің жетекші мамандары қатысты.

Бектурбекова Фатима Құралбекқызы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызметі, патриотизм және әскери тақырыпты насихаттаудағы кітапхана жобалары туралы слайд-шоу ұсынды. Сондай-ақ, «Кеңес халқының Ұлы Жеңісі» - ТМД елдер Ұлттық кітапханалары мен Еуразия Кітапханалық Ассамблеясының; «Кітапханалар – Жеңіс Куәгерлері» М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының, Б.Н.Ельцин атындағы Президент кітапханасы және Белорусь, Қазақстан және Армения Ұлттық кітапханаларының; «Кітапханалық майдан: 1941-1945 ж.ж.» деректі фильмі - Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасы, Ресей Федерациясы Президентінің Іс басқармасы және Еуразия Кітапханалық Ассамблеясының бірлескен халықаралық жобаларына тоқталды.

Сондай-ақ, қатысушылардың назарына аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясының 80 жылдығына арналған «Генерал И.В. Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясы», «Кітапханалар – Жеңіс куәгерлері» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған «Талғат Бигелдинов – Кеңес Одағының екі дүркін Батыры», «1945 жылғы әскери газеттер парақтарындағы Жеңіс қуанышы» виртуалды көрмелері; Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бірегей күйтабақтар топтамасынан «Жеңіс Әндері» аудиотрансляциясы жайлы айтылды.

мир1   мир2

 

Сайтта

Қазір сайтта 420 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.