+7 (727) 267-28-83

РО

5 қараша Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Атырау облысы әкімдігінің және «Рахымжан Отарбаев руханият қоры» жеке қоры және Атырау облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті қаламгер, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Ш.Айтматов сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Рахымжан Отарбаевтың үш тілде жарық көрген биобиблиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті.

Тұсаукесердің мақсаты – қаламгер Р.Отарбаевтың шығармашылық мұрасы мен Қазақстанның қазіргі заман әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, бүгінгі әдебиетті зерттеушілерге арналған ғылыми негізді биобиблиографиялық көрсеткішті үш тілде ұсыну, Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетті зерттеу мәселесіне қоғам назарын аудару.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбай жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Б.Оспанова, А.Берғалиев, С.Отарбаева, Е.Рахымжанұлы.

Сөз сөйлеген қонақтар: Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының директоры Берік Жәменов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев, Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының әртісі  Асхат Мұса, жары Сәуле Отарбаева, жазушының ұлы Ермерей Рахымжанұлы және т.б.

Шара барысында Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының әртісі  Асхат Мұсаның орындауында ән тыңдалды.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына кітаптар сыйға тартылды  және ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Рахымжан Отарбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Біртуар еді» атты  кітап көрмесі ұйымдас-тырылды.

Қатысқандар: белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері.

РО1   РО2   РО3   РО4
РО5   РО6   РО7   РО8

 

Сайтта

Қазір сайтта 332 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.