+7 (727) 267-28-83

медаль

21 қазанда Орал қаласында өтіп жатқан «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференция жұмысы аясында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ХХІ аймақтық «Жұбан оқулары» байқауы өтті.

Сондай-ақ, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында «Облыстық кітапхана Тәуелсіздік жылдарында» жинағының тұсаукесері өтті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы кітапхана саласының дамуына айрықша үлес қосып жүрген ұзақ жылғы еңбектері үшін Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары: А.Т.Нурсапинаны «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы»; И.Т.Жұмакаев пен Д.С.Шакелованы «Кітапхана ісінің үздігі»; ал А.М.Саркулов пен О.Н.Браташоваларды «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапаттады.

Сонымен қатар, кітапхананың рухани жанашыры, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріковке, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жазушы, журналист Шүйіншәлиева Мира Хамзақызына және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Мұсаұлы Қамбетовке алғыс хаттар табыстады.

медаль1   медаль2   медаль3  
медаль4

медаль5   медаль6   медаль7