+7 (727) 267-28-83

КК1

14 қазанда Көкшетау қаласында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы жанындағы республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы ұйымдастырған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі өз мәресіне жетті.

Шараның ашылу салтанатына «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ төрайымы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы қатысты. С.К.Иманқұлова әлеуметтік әріптестікті жақсарту, экономиялық саясатты нығайту, халықты тиімді жұмыспен қамту, лайықты еңбек жағдайлары мен қалыпты жалақыны қалыптастыру, еңбек адамдарының құқығын қорғау, еңбек дауларын шешу және т.б. мәселелерге тоқталып, бірқатар облыстық кітапхана мамандарын төсбелгімен және алғыс хаттармен марапаттады.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» директорының ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша орынбасары Жанат Төлегенұлы Сексенбаев ҚР Ұлттық кітапхана ұжымына ризашылығын білдіріп, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы шеберлік сағатына қатысқан әріптестерге Көкшетау өңірі туралы кітаптарды сыйға тартты.

КК2   КК3
КК4   КК5