+7 (727) 267-28-83

Х1

8 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда елімізге белгілі қытайтанушы, тарихшы, синолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Хафизова Клара Шайсұлтанқызы өзінің жеке кітапханасының коллекциясын кітапхана қорына тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қытайтанушы Камалов Аблет  және «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының сарапшысы, «Центральная Азия и Кавказ» журналының қызметкері Есімова Қаламқас жүргізді.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры  Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, қытайтанушы, тарихшы, профессор Клара Хафизова, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, ҚР Дипломатия қоғамының төрағасы Серік Нарысов, қытайтанушы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Аблет Қамалов.  

Сөз сөйлеген қонақтар: А.Қамалов, Қ.Есімова, А.Абдулина, Н.Мұқаметханұлы, Б.Сұлтанов, Ж.Ошан, Қ.Шаймерденова, С.Нарысов және т.б.  ғалымдар пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Ғалымның кітапхана қорына сыйға тапсырған жеке кітапханасының коллекциясы мазмұны жағынан өте бай, алуан түрлі ғылыми кітаптарды, әсіресе оқырмандарға қажетті және көп сұралатын Қазақстан тарихына байланысты кітаптарды, сондай-ақ тарихи құнды кітаптарды қамтитын кітаптар топтамасы.  

Шара «Zoom» платформасы арқылы онлайн және оффлайн форматта жүргізілді.

Шараға белгілі ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Х2   Х3   Х4   Х5
Х7   Х8   Х9

 

Сайтта

Қазір сайтта 517 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.