+7 (727) 267-28-83

2409

24 қыркүйек, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ауған соғысы: тарихы, тәжірибесі және жаңа көзқарас» атты конференция өтті.

Кеңес-ауған соғысының аяқталғанына 30 жылдан астам уақыт өтсе де ел арасында оған әртүрлі көзқарас бар. Тарих заңына сәйкес көзқарастардың уақыт өте келе жаңарып отыруы табиғи құбылыс. Конференцияда осы мәселе талқыға салынды.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Қарабаев Құрмет ашып, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ауған соғысы ардагері Болат Сайлан жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы әкімшілігінің жанындағы Ауғанстан соғыс ардагерлері және мүгедектері бірлестіктерінің үйлестіруші кеңес төрағасы, Ауған соғысы ардагері Мурат Абдушукуров, «Балдырған» журналының бас редакторы, Ауған соғысының ардагері, Дүйсен Мағлұмов, Талғар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауған соғысы ардагері Қажымұқан Әлжанов, «Ардагер» республикалық қоғамдық одағының Алматы қаласы бойынша төрағасы, Ауған соғысы ардагері Марат Сайбеков және т.б.

Іс-шараға тарихшы ғалымдар, ауған соғысы ардагерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

2409а   2409аа   2409ааа
2409аб   2409абв    
2409бб   2409б