+7 (727) 267-28-83

Теодор

Әлем әдебиеті оқу залында Американдық жазушының 150 жылдығына арналған «Керемет жазушы ─ Теодор Драйзер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Атақты жазушы және қоғам қайреткері  Теодор Герман Альберт Драйзер (1871-1945) бұрыннан әлем әдебиетінің классиктері арасындағы құрметті орынға ие болған. Жазушының өткір әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары өте танымал және бүкіл әлем оқырмандарының қызығушылығын тудырады. Оның романдары, әңгімелері, очерктері, драмалық шығармалары заңды түрде реалистік әдебиеттің үздік үлгілеріне жатады. Олардың арасында ерекше танымал романдары: «Сестра Керри» (1900), «Дженни Герхардт» (1911), «Финансист» (1912), «Титан» (1914), «Гений» (1915), «Американская трагедия» (1925) және т.б.

Көрменің мақсаты ─ оқырмандарды әйгілі жазушының шығармашылығымен таныстыру және оның жеке басына деген қызығушылықты ояту, негізгі шығармаларын ашып, оқуға баулу. Мерейтойлық экспозицияда: 1973 жылы Мәскеудегі «Правда» баспасынан басылып шыққан 12 томдық шығармалар жинағы, жазушының орыс, ағылшын, венгер және испан тілдеріндегі таңдамалы жеке шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.

Автордың өмір бойы жарық көрген басылымдарынан келесі жұмыстармен таныса аласыз: «Free and other stories» - «Бесплатные и другие рассказы», 1927 жылы  Нью-Йорке  баспасында жарық көрді «Бони и Ливерайт»; «A Gallery of Women» - «Галерея женщин» екі томдық шығармасы, 1-томдық баспасы 1929 жылы Нью-Йоркте  «Гораций Ливерайт» баспасынан жарық көрді.    

Американдық, ресейлік және т.б. зерттеушілердің көптеген еңбектері жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған. Оларда жазушының шығармашылық эволюциясын бақылаған деректерден тұратын нақты материал жинақталған. Солардың ішінде С.Батурина «Драйзер» (1975 ж.) атты «Жизнь замечательных людей» сериясымен басылып шыққан кітабы Теодор Драйзердің өмірі, шығармашылығы мен қоғамдық қызметі туралы сыр шертеді. Я.Н.Засурскидің «Теодор Драйзер: жизнь и творчество» (1977 ж.) атты қызықты кітабы, онда Теодор Драйзердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндалады, зерттеу барысында мұрағаттық материалдар пайдаланылды. Элен Драйзердің «Моя жизнь с Драйзером»  кітабындағы естеліктері 1919-1945 жж. Драйзердің ең жақсы туындыларын жасаған кездегі өмірі мен шығармашылығының ең жақсы кезеңі. Сондай-ақ, 1973 жылы «Теодор Драйзер – американский редактор и писатель» атты ағылшын тіліндегі кітабы Нью-Йорктегі «Чар-Лоттевил» баспасынан жарық көрді. 

                                                                                                                                                    

Кітап көрмесіне шақырамыз!