+7 (727) 267-28-83

syzganov

Мерзімді басылымдар залында академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген қайраткері Александр Николаевич Сызғановтың 125 жылдығына арналған «Дело всей жизни» атты көрме ұйымдастырылды.

Мерзімді басылымдар залында академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген қайраткері Александр Николаевич Сызғановтың 125 жылдығына арналған «Дело всей жизни» атты көрме ұйымдастырылды.

Александар Николаевич Сызғанов 1896 жылы 17 тамызда Симбирск губерниясы (қазіргі Татарстан) Арск уезінің Старое Жабино ауылында дүниеге келген. Арск қаласындағы гимназияны бітірген соң А.Н.Сызғанов 1915 жылы Казань университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. 1922-1934 жылдары хирургия кафедрасының ассистенті, институт доценті болды. А.Н.Сызғанов 1922 жылы маусым айында «мемлекеттік сынақтарды» сәтті тапсырып, «бүкіл РКФСР аумағы мен Кеңестік Республикалар Одағында медициналық практика құқығына» ие болды. Француз тілін жақсы білген, неміс тілін меңгерген.

1934 жылдың наурыз айында А.Сызғанов отбасымен бірге Алматы қаласына келді. 1934 жылдан 1963 жылға дейін Алматы медициналық институтының жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі, сондай – ақ 1945 жылы Алматы қаласында клиникалық және эксперименталдық хирургия институтын құрып, сол кезеңде 1945 жылдан 1975 жылға дейін директоры болды, зоб ауруларының алдын алу мақсатында Алматы қаласында тұзды иодтау жөніндегі жұмыстарды басқарды, туберкулез, онкологиялық және кардиологиялық науқастарды ота жасауға кірісті, 1936 жылы ашылған республикалық онкологиялық диспансерді ұйымдастырушылардың бірі болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қан құю станциясы,қан орнына қолданылатын – «КЗК» Республикалық қан құю орталығы ұйымдастырылды. Ол Қазақстанда хирург-клиниктердің ғылыми мектебінің құрды, канцерогенездің физиологиялық теориясын ұсынды, жүрекке ота жасау әдісін жасады. Оның бастамасымен облыс орталықтары мен өнеркәсіптік қалаларда филиалдары бар, зобқа қарсы диспансер ұйымдастырылды. А.Сызғанов 150-ден астам ғылыми жұмыстардың, 900 ғылыми жарияланымдар, 10 монографияның және 200-ден астам мақалалардың авторы. Оның жетекшілігімен 18 докторлық және 80 кандидаттық диссертация қорғалды.

1980 жылы Академик А.Н. Сызғанов қайтыс болды. Ондаған жылдар өтті, бірақ қазақстандықтар оның ұлы есімін құрметтейді. Соңғы жылдары ғалым тұрған үйде (Төлебаев көшесі 131, Қабанбай батыр көшесінің қиылысы) мемориалдық тақта орнатылған. Алматы қаласындағы көшелердің біріне А. Н.Сызғановтың есімі берілген. Ұлы ғалым және педагог атындағы Хирургия ғылыми орталығы (бұрынғы клиникалық және эксперименталдық хирургия институты) өз қызметін мақтанышпен табысты жалғастырып келеді.

Көрмеге академик А.Н.Сызғановтың өмірі мен қызметі туралы анықтамалық басылымдар, ҚР Ұлттық кітапханасының архивтік қорынан мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері қойылған. Ғалымның Казань медицина университетінің ғылыми журналындағы (1933 ж.), «Қазақстанның медициналық журналы» (1935 ж.), «Қазақстанның Денсаулық сақтау саласы» (1949 ж.), «Эксперименттік хирургия» (1956 ж.), Қазақ КСР Ғылым академиясыны жаршысы (1976 ж.) мақалалары оқырманға қызықты болары сөзсіз.

Көрмеде А.Н.Сызғановтың әлемдегі алғашқы ғылыми жұмыстарының бірі 1932 жылғы 3-шығ. «Советская хирургия» журналында жарияланған «О коллатеральном лимфообращении» атты бірегей мақаласын көруге болады.

Көрмеге шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 653 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.