+7 (727) 267-28-83

ИКМерзімді басылымдар оқу залында Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

«Индустриальная Караганда»  газеті 1931жылдың 11 қыркүйегінен Қарағанды қаласында шыға бастады. Алғашқы саны 1931 жылы «Большевистская кочегарка» атауымен таралымы 5мың дана болып аптасына екі рет шығып тұрды. Редакция ғимараты, тіпті қаланың өзі болмағандықтан (Қарағанды шахты жанындағы жұмысшылыр ауылы болды) газеттің алғашқы сандары, шахты эстакадасының жанындағы теміржол қуысындағы вагонда шығарылды.

1932-1935 жылдары газет «Карагандинская коммуна» деген атпен шықты. Осы жылдары газет донецк шахтеры Никита Изотовтың бастамасы, Алексей Стахановтың көмір өндіру рекордты туралы хабарлады. Газеттің арқасында  стахановшылар  Т. Күзембаев, К. Байтуғанов,  А. Топаевтардың есімі таныла бастады.

1936 жылы 14 қыркүйектен бастап облыстың ұйымдастырылуына байланысты, Қарағанды қаласының орталығындагазет «Социалистическая Караганда» деген атпен шықты, ал 1963 жылдың мамыр айынан бастап «Индустриальная Караганда» атауымен шығып келеді. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде соңғы жарысты өрістету, екпінділік пен стахановшылар қозғалысын насихаттауда  газет зор ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Республикамыздың  көмір базасы - Қарағанды бассейнінің  қалыптасуыназор үлес қосты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында газет жауды жеңу үшін кеншілерді аянбай еңбек етуге жұмылдырды, «Карағанды комсомолы» танк колоннасының, «Нүркен Әбдіров» самолетінің, «Қарағанды әйелдері» әуе звеносының құрылысына қаражат жинауды ұйымдастырды.Соғыстан кейінгі жылдары газет еңбекшілерді  тың және тыңайған жерлерді игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының құрылысына, облыс орталығы Қарағандының серіктес- қалаларын абаттандыруға шақырды. Қазақстандық  Магнитканың ең басты объектілерінде көшпелі редакциялар жұмыс істеді.

Бүгінде  оқырмандар әдеттегідей 90 жылбойы атап келген «Индустриалка»,аймақтың маңызды оқиғалары мен мәселелерін егжей-тегжейлі және жеделқамтиды, қызықты адамдар мен көрнекті жерлестер туралы әңгімелейтін және оқырмандарын аптасына үш рет жаңа сандарымен қуантатын газет. «Индустриальная Караганда» материалдары облыстағы мәдени өмірдің оқиғалары, халыққа білім берудегі, дене шынықтыру мен спорт жетістіктері көрсетіледі, әдебиет пен өнер, табиғат қорғау мәселелері жарық көріп отырады.

2021 жылы газеттің бірінші саны жаңа D2-форматқа енгізілді. Республика бойынша таратылатын «Индустриальная Караганда» газеті әлі күнге дейін сұранысқа ие, аптасына үш рет шығады, таралымы 17 мың дана.  «Индустриальная Караганданың»  елу жылдық мерейтойына орайең жоғарғы сыйлық - Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Редакция ұжымында ең мықты журналистер мен техникалық мамандар, газеттің көптеген авторлары, оның ішінде шетелдіктер де бар.Оқырмандардың сүйікті айдарлары болып  «Неотложка», «Дар слова», «Час письма», «Перемена» және т.б. қала бермек.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан алынған 1931 жылдан бастап «Индустриальная Караганда» газетінің мерейтойлық сандары, белгілі жазушылардың, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің газет бетіне жарияланған мақалалары қойылды. Мерзімді басылымдар оқу залында «Индустриальная Караганда» газетінің электрондық нұсқасына еркін қолжетімділік ұсынылған.

 

                                              Барлығыңызды көрмеге шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 403 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.