+7 (727) 267-28-83

тбилисиҚазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті оқу залында ЮНЕСКО шешімімен белгіленген «Тбилиси - 2021 жылдың дүниежүзілік кітап астанасы» кітап көрмесі мен виртуалды көрмесін ұйымдастырды.

ЮНЕСКО Тбилиси қаласын (Грузия) 2021 жылдың дүниежүзілік кітап астанасы деп жариялады. 2021 жылғы 23 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық мерекесі күні астана атағы Тбилисиге берілді. Ұсыныстарды ЮНЕСКО, Халықаралық баспагерлер қауымдастығы және Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы өкілдерінен тұратын Консультативтік комитет жасады. Комитет отырысы 2019 жылдың маусым айында Швейцарияда өтті.

Негізгі мақсат - бүкіл әлемді Грузияның әдеби қазынасымен, заманауи әдебиетімен, баспа және басқа аралас салалардың үрдістерімен таныстыру.

Мерекелік іс-шаралар бағдарламасы жастар арасында оқуды танымал етудің қуатты құралы ретінде Заманауи технологияларды қолдануға бағытталған және бірнеше ауқымды жобаларды қамтиды. Кітапханалар мен балалар кітап фестивалін құру, кітаптарды қызықты ойындарға айналдыру және Грузиядағы алғашқы баспаны қалыптастыру бойынша заманауи цифрлық жобаны дамыту қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы әдебиет грузин жазушыларының шығармаларымен ұсынылды, атап айтқанда: Ш.Руставели (шамамен 1172 - 1216 жж.), С.Орбелиани (1658 - 1725), И.Г.Чавчавадзе (1837) -1907), А.Р. Церетели (1840 - 1915), М.С. Джавахишвили (1880 - 1937), Л. Киачели (1884 - 1963), Г.В. Табидзе (1892 - 1959), К.Л.Гамсахурдия (1891-1975), Н.В. Думбадзе (1928 - 1984), Г.Н. Данелия (1930 - 2019) және басқа заманауи авторлар.

Сайтта

Қазір сайтта 264 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.