+7 (727) 267-28-83

Кама Газизовна

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қоры «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» АҚ Президенті Кама Ғазизқызы Өрмұрзинаның «Есімізде» атты кітабымен толықты.

Кітап Талдықорған облысының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан әкесі – Ғазиз Өрмұрзинді еске алуға арналған.

Кама Ғазизқызы – кітапхана ісі саласының Қазақстан және халықаралық деңгейдегі тәжірибелі, жоғары білікті маман ретінде танымал. Ұзақ жылдарын туған жері Талдықорған облысы кітапханаларының дамуына арнады. Мәскеуде қызмет атқарып, содан кейін жан толғанысы мен драмалық оқиғаларға толы ауыр күндерді басынан кешіруге әскери кызметтегі жолдасымен бірге Ауғанстанға кетуге мәжбүр болды.

Кама Ғазизқызының ҚР Ұлттық кітапханасы қорына сыйға тартқан кітабында әкесі, оның өмір жолы, қызметтес достары, туыстары мен жақындары туралы естеліктер қамтылған. Сонымен қатар, оның жауапты, басшы лауазымдық қызметтердегі еңбек жолы мен халық игілігі үшін қызмет етуге деген адалдығы баяндалған.

Бұл кітап Біз үшін, қазіргі ұрпақ үшін жазылған. Кітап нақты және жекелеген мысалдар арқылы өмірлік құндылықтарға үйретеді.

Кама Ғазизқызының «Есімізде» атты кітабы Ұлттық кітапхана оқырмандарының ыстық ықыласына бөленетіне сенімдіміз!

КГ