+7 (727) 267-28-83

каталогизатор 23

23 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Ақпараттық ресурстар қызметі мамандары Каталогизатор мектебі аясында С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашыларымен онлайн-кездесу өткізді.

Онлайн-кездесу барысында мамандар отандық Web-RABIS бағдарламасының «Каталогизатор» модуліндегі библиографиялық сипаттаманы енгізу ережелерін талқылады. Сондай-ақ, Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығының жұмысы бойынша кеңестер беріліп, кітапханалар арасында бірлесіп жұмыс атқару жайы ұсынылды.

ҚР Ұлттық кітапханасы Каталогизатор мектебі мен Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебіне еліміздің көпшілік кітапханалары мамандарын біліктілігін арттыруға шақырады.

каталогизатор23