+7 (727) 267-28-83

ДК1

3 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақ жұмыс кеңесінің кезекті отырысы өтті 

Шараға Одақ жұмысы кеңесінің мүшелері, Алматы қ. Мәдениет басқармасының басшысы Ғ.А.Майлыбаев, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрағасы С.К. Иманқұлова және Алматы қалалық және Алматы облыстық филиалының төрайымы С.Н. Нұрғалықова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы мүшесі Н.Ә. Қайырденова, «ЮрИнфо» ЖШС бас директоры М.П.Коломин, қалалық, аудандық және облыстық әмбебап кітапханаларының, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшылары қатысты.

Отырысты ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б.Қ.Оспанова кіріспе сөзбен ашып, Одақтың жұмысы және көпшілік кітапханалардың 2020 жылғы қызметтері туралы қысқаша ақпарат берді.

Салалық кәсіптік одақ төрағасы С.К.Иманқұлова қазіргі таңдағы кітапхана саласына қатысты еңбек қатынастары, заңнама, қызметкерлердің әлеуметтік қорғануы, жалақыларын көтеру және т.б. өзекті мәселелер жайлы толыққанды ақпарат беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

«ЮрИнфо» ЖШС бас директоры М.П.Коломин «Параграф» заңнамалық-ақпараттық жүйеге қолжетімділік мүмкіндіктері мен шарттары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, қонақтар мен кітапханалардың басшылары кітапхана саласындағы түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.

ДК   ДК5   Дк2   дк3
ДК6   дк4   ДК7   ДК8