+7 (727) 267-28-83

31май

31 мамыр, сағат 11:00-де Ораз Жандосов атындағы оқу залында оқырмандар мен кітапхананың жас мамандары үшін Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» атты кітап көрмесіндегі материалдармен тақырыптық шолу өткізілді

Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда Қазақстан тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі - миллиондаған адамдардың қырылуына әкеліп соққан қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.        

Жаппай саяси қуғын-сүргін - Қазақстан тарихындағы ең қаралы беттердің бірі. Кеңес үкіметі елді үлкен бір түрмеге айналдырды. Қазақстан аумағында ГУЛАГ- АЛЖИР, СТЕПЛАГ, КАРЛАГ құрылымдарының ең ірі лагерлері орналасты. Саяси қуғын-сүргін толқыны көптеген қазақ зиялыларының өкілдерін құрбан етті. Қазақ халқының көпғасырлық тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі - 1930 жылдардағы «Ұлы жұт» - «Ұлы ашаршылық». Қазақстан көптеген адамдардың өліміне әкеліп соққан бұрын-соңды болмаған әлеуметтік эксперименттің алып полигонына айналды. 1930-40 жылдары Қазақстанға өзге  халықтар жаппай қоныс аударды. 1 миллион 200 мың адам шығыны болды.

Іс-шара аясында «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» атты кітап көрмесі мен фотосуреттер слайды ұйымдастырылды. «Қазақстан кітаптары» қызметінің  жетекшісі М.Б.Жаркналова, топ жетекшісі К.А.Бердалиева, кітапханашылар Н.С.Мұхамедиярова және Ж.Бахытқызы кітап көрмесінің материалдары бойынша шолу жасады. ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұсынылған деректі материалдар сол жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің қатыгез, миға қонымсыз әрекеттерін түсінуге мүмкіндік берді. Қатыгез террор кезінде тағдырлары бұзылған адамдардың естеліктері күллі ұрпақтың жадында сақталуы керек.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова қазіргі кездегі жас ұрпақ бейбіт заманның құндылығын біліп, мұндай қайғылы оқиғалардың қайталанбауына жол бермеуі керек екенін атап өтті.

Кітапханашылардың мазмұнды әңгімелері мен кітап көрмесіне жасалған шолулары жастардың үлкен қызығушылығын тудырып, алғыстарын білдірді.

Тақырыптық шолудың мақсаты – жастарды 1920-50 жылдардағы мемлекетіміздің ең қайғылы кезеңдерінің тарихымен таныстыру және жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және қазақ халқының өткеніне құрметпен қарауға шақыру.

31май1   31май2
31май3   31май4   31май5

 

Сайтта

Қазір сайтта 287 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.