+7 (727) 267-28-83

26май

29 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Алматы қаласының Әкімдігінің ұйымдастыруымен "1920-1950 жылдарда Қазақстанда орын алған саяси-қуғын сүргін - қайта оралған есімдер" тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді модератор, "Әділет" тарихи-танымдық қоғамының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абжанов Хангелді Махматұлы ашып, сөз кезегін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Есдәулетов Диас Рахметұлына берді.

Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевтың ұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым Шейх-Али Давлет Мұхамеджанұлы мен Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет құттықтау сөз сөйледі.

Шара аясында қалалық комиссия төрағасының орынбасары, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Жангуттин Бауыржан Олжабайұлы, Г.Дәукеев атындағы Алматы Энергетика университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Кабдушев Болат Жоламанұлы, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Забих Шолпан Арапбайқызы, саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Нұрымбетова Гүлшат Рамазанқызы, ҚР Президенті мұрағаты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алимгазинов Қайрат Шәкәрімұлы және тағы басқалар баяндама жасады.

Шараға тарихшы ғалымдар, қалалық комиссияның жұмыс топтарының мүшелері, Қоғамдық кеңестің, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

26май3   26май4   26май5   26май7
26май1   26май2   26май6   26май8

 

Сайтта

Қазір сайтта 466 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.