+7 (727) 267-28-83

ққ

26 мамырда директордың Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева және ҚР Ұлттық кітапханасының Мерзімді басылымдар қызметінің жетекшісі С.Т.Тұяқова Тыва Республикасы (Қызыл қаласы) А.С.Пушкин атындағы Ұлттық кітапхананың 90 жылдығына арналған "Ұлттық кітапхана: уақыт байланысы және даму векторы" атты халықаралық аймақаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. 

Н.А.Искалиева конференцияға қатысушылармен онлайн форматта жүздесіп, Тыва Ұлттық кітапханасының мерейтойына орай ҚР Ұлттық кітапханасының директоры мен ұжымының атынан құттықтау хатын жолдады. Сонымен қатар, С.Т. Тұяқова "Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының заманауи ресурстарына қол жеткізу" тақырыбында баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияны Тыва Ұлттық кітапханасы Ресей ұлттық және Ресей мемлекеттік кітапханаларының мамандарының қатысуымен кітапхана қорларын қалыптастыру және сақтау, заманауи кітапханалардағы өлкетану, жобалау қызметі, сандық ортадағы ресурстар мен қызметтерді жылжыту, сондай-ақ пандемия кезіндегі қоғамдық кітапханалардың әдістемелік қызметі мен кадрлық әлеуеті туралы бірқатар мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Ресей Федерациясының ұлттық, республикалық, облыстық, аймақтық кітапханаларының және Моңғолия Ұлттық кітапханасының басшылары мен мамандары қатысты.

ққ1   ққ2

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.