+7 (727) 267-28-83

актандактар

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған  «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанда  жыл сайын 31 мамырда, Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің  бірі - миллиондаған  адамдардың қырылуына әкеліп соққан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын   еске алу күні атап өтіледі.       

Жаппай қуғын-сүргін, террор, депортация кеңестік жүйенің ажырамас бөлігі болды.     Олардың шыңы ХХ ғасырдың 30-шы жылдары. Репрессияның көріністеріне лагерьлер мен өлім жазасына кесу ғана емес, сонымен қатар миллиондаған адамдар қайтыс болған әлеуметтік эксперименттер де кіруі керек. 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Президенті «1997 жылды Ұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта 1916 жылғы оқиғалардан бастап 1986 жылғы желтоқсан құрбандарына дейін айтылған.                        

Репрессия жылдары Қазақстанның лагерьлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. 1920-1953 жылдар аралығында тек Қазақстанда 100 мыңнан астам адам сотталды, 25 мың адам өлім жазасына кесілді. Қазақ халқы үшін жаппай қуғын-сүргін қиын кезең болды.

Халықтың әр түрлі топтарына, Кеңес Одағының аумағында тұратын барлық ұлттардың өкілдері репрессияның құрбаны болды. Олар: Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Ходжанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілқайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров  және т.б.

Қазірде Қазақстанда осы қайраткерлердің атына берілген  көшелер мен мемлекеттік мекемелер бар. Еңбектерін мектеп оқушылары мен студенттер оқып, ғалымдар зерттеуде. Елде олардың құрметіне мемориалдар мен ескерткіштер орнатылды. 2012 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне ескерткіш орнатылды. Монументалды мүсін халықтың қиын жылдардағы азаптарын еске түсіреді. 2017 жылы Алматыда 1931-1933 жылдары Қазақстандағы аштық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Құрбандарды еске алу күні елімізде көптеген іс-шаралар өткізіледі, музейлерде көрмелер ашылады, кітапханаларда кітап көрмелері мен тақырыптық шолулар ұйымдастырылады, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады.

Депортация мен террордан зардап шеккен көптеген халықтар үшін Қазақстан туған үйге айналды. Ата-бабаларымыздың ерлігі мен шыдамдылығы ең ауыр сынақтардан абыроймен өтуге көмектесті. Қазақстан халқы Ассамблеясы біртұтас ұлттың символына айналды.

«Ақтаңдақтар туралы ақиқат» атты кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қорынан материалдар кеңінен ұсынылып, қазақ халқының тарихындағы осы қайғылы кезеңнің себептері мен салдарын, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған азаматтардың, сондай-ақ «халық жауларының» туыстары ретінде репрессияланған отбасы мүшелерінің естеліктерін ашып көрсетті.

                                                                                                 

        Кітап көрмесіне шақырамыз!