+7 (727) 267-28-83

Ресей

19 мамырда онлайн форматта «Кітапхана 2030: Әлем өзгерді. Біз ше?» тақырыбында Ресей Кітапханалық Қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық бойынша секциясы ұйымдастырған «Әлем Кітапханалық Қауымдастықтарының» Пікірлесу алаңы өтті.

Жұмыс кездесуі кітапхана ісін ұлттық деңгейде тиімді жоспарлау мәселелеріне және ұлттық кәсіби қауымдастық ішіндегі басқарудың табысты тәжірибелеріне арналды. Пандемия және өзін-өзі оқшаулау қажеттілігі бүкіл әлемдегі кітапханалар үшін күтпеген сынақ болды. Жағдай кітапханаларды қысқа мерзімде жергілікті қоғамдастықтағы рөлін қайта қарауға, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің және қызметкерлер ұжымын басқарудың жаңа модельдерін енгізуге мәжбүр етті. Кездесу барысында әлемнің 21 Ұлттық кітапхана қауымдастығының басшылары өз елдерінің кітапхана ісін дамыту стратегиясындағы өзгерістерді талдап, 2030 жылға дейінгі кезеңде іске асыруды жоспарлап отырған бастамаларын атап өтті.

Онлайн пікірлесу алаңында: Барбара Лизон - Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің Халықаралық Федерациясының (IFLA) сайланған президенті; Мандла Нтомбела - Африка кітапханалық қауымдастықтары мен мекемелерінің Президенті (AfLIA); Тон ван Влиммерен - кітапханалық, ақпараттық және құжаттамалық қауымдастықтардың Еуропалық бюросы президенті (EBLIDA), сондай-ақ Америка, Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Бразилия, Қытай, Хорватия, Эстония, Греция, Қазақстан, Латвия, Мексика, Ресей, Сербия, Швейцария, Ұлыбритания кітапханалық қауымдастықтарының Президенттері сөз сөйледі.

Қазақстандық Кітапханалық Одақтың қызметі мен бастамалары туралы оның төрағасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы баяндама жасады.

Ресей1  

 

Сайтта

Қазір сайтта 486 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.