+7 (727) 267-28-83

фото

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы – құрмет пен сүйіспеншіліктің алтын діңгегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Халықаралық отбасы күні 1994 жылдан бастап жыл сайын 15 мамырда атап өтіледі. Мерекені БҰҰ Бас ассамблеясы Халықаралық  отбасы жылы туралы Резолюциясында жариялады.

Кітап көрмесінің мақсаты – әлемдегі қоғам назарын отбасы мәселелеріне аударту. Халықаралық отбасы күнін 20 ғасырдың аяғында белгілеу кездейсоқ емес. Үлкен ақпараттық ағындар, бүкіл әлемді механикаландыру, жалпы индустрияландыру және басқа заманауи шындықтар құндылықтардың өзгеруіне әкелді. Мансаптық өсу бірінші орынға шығып, отбасы толыққанды өмір үшін адамға аса қажет емес бола бастады. Мереке аясында отбасылық мәселелерге арналған түрлі пікірталастар, конференциялар, фестивальдар өткізіледі. БҰҰ Бас хатшысы жыл сайын Халықаралық отбасы күні негізгі мәселелер мен мүмкін болатын шешімдерге арналған белгілі бір тақырып аясындағы хабарламаларды жариялайды.

Отбасы - жеке тұлғаны қалыптастырудың қажетті факторы, махаббаттың, сыйластықтың, ынтымақтастық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі. Отбасы - бұл маңызды қоғам құндылығы, сол себепті де әрбір адам этникалық немесе әлеуметтік жағдайынан басқа, отбасылық жағдайымен де сипатталады. Бүгінгі таңда отбасы қоғамның басты әрі  негізгі бөлігі және барлық адамзаттық құндылықтардың басты қорғаушысы болып табылады.

«Отбасы – құрмет пен сүйіспеншіліктің алтын діңгегі» атты кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің тарихы, құқықтары мен қағидалары, отбасының даму жағдайы мен болашағы бейнеленген материалдар және қазіргі заманғы қазақстандық қоғам, танымал қазақстандық тұлғалардың отбасы, отбасылық құндылықтары туралы әдебиеттері, сондай-ақ мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар ұсынылды.  

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 600 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.