+7 (727) 267-28-83

 

Корея11 мамыр, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының  консулы Чо Гын Хи ханым жұмыс сапармен келді.

Корея кітап бұрышы 2020 жылы 8 қазанда Корея Республикасының Алматы қаласындағы  Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы Меморандум негізінде ашылды. Жоба Корея Ұлттық кітапханасының бастамасымен, 2007 жылдан бастап бүкіл әлем кітапханаларында  «Кореямен танысу» орталығы болып ашыла бастады.

Корея кітап бұрышында корей тіліндегі ең үздік заманауи әдебиеттер, сонымен қатар корей ұлттық қолданбалы өнері бұйымдары бар. Корей әдебиеттерінің электронды каталогы бар ақпараттық терминал орнатылған.

Кездесу барысында қонақтар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова арасында әрі қарайғы ынтымақтастық және кітап бұрышының қызметі туралы мәселелер талқыланып, кітапхана залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

Корея1   Корея2   Корея3

 

Сайтта

Қазір сайтта 257 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.