+7 (727) 267-28-83

Rhbdrjd

23 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы А.Л. Кривков «ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы Орыс Православ кітабы» атты баяндамасымен Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен «XVII Халықаралық кітаптану оқулары» атты ғылыми конференциясының жұмысына қашықтықтан қатысты.

Конференцияда А.Л. Кривков сирек қордың құрылымы, оны жинақтау тарихы, аса құнды коллекциялар, атап айтқанда парсы қолжазбалары мен мұсылман, рухани теологиялық әдебиеттер жинағы қарастырылғаны, сондай-ақ 1930-2000 жылдардағы қорды қалыптастырудың кезеңдері мен негізгі үрдістері туралы баяндады.

Ғылыми конференция Беларусь Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасымен ұйымдастырылды, онда Беларусь кітабының тарихы, Беларусь кітапханалары мен кітапхана ісі және қазіргі заманғы библиологиялық мектептер, зерттеулер мен тұжырымдамалар талқыланды.

Конференцияға ТМД елдерінен, Украина, Польша және басқа елдерден әріптестер қатысты.

Сайтта

Қазір сайтта 230 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.