+7 (727) 267-28-83

филармония

22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, «Халық алғысы» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері, «SNECC entertainment» продюсерлік орталығының ұйымдастырушысы Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы келіп, кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесті. Кездесу барысында мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ортақ мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны, жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай бірлескен іс-шара ұйымдастыру туралы талқылады.

Оспанова Б.К. қонақтарға Ұлттық кітапхананың қызметі туралы қысқаша ақпарат беріп, оқу залдары мен кітап бұрыштарының жұмысымен таныстырды.

филармония1   филармония2   филармония3

 

Сайтта

Қазір сайтта 224 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.