+7 (727) 267-28-83

ФА

20 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры мен қызметкерлерінің қатысуымен Башқұртстан Республикасының Ахмет-Заки Валиди атындағы Ұлттық кітапханасының құрылғанына 185 жыл толуына орай, Уфа қаласында онлайн-режимде "Аймақтың мәдени кеңістігіндегі кітапхана: дәстүрлер мен инновациялар" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерін кітапхана мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының цифрлық технологиялар қызметінің жетекшісі Ж.А. Абенова "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында электрондық коллекцияларды қалыптастыру" баяндамасын оқыды, онда "Араб және латын графикасындағы қазақ кітабы" және "Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары" топтамаларына назар аударды, кітапхананың цифрландыру бойынша халықаралық жобаларға қатысуы туралы айтты.⠀

Модератор ретінде Башқұртстан Республикасының Ахмет-Заки Валиди атындағы Ұлттық кітапханасының директоры Ураксин Юлдаш Зиннурович сөз сөйледі.

Конференция жұмысына Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің кітапханаларының басшылары мен мамандары, мәдениет және ғылым саласының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдарының өкілдері қатысты.

УФА   УФАв

 

Сайтта

Қазір сайтта 234 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.