+7 (727) 267-28-83

Аширов

9 наурыз, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, өнер зерттеушісі Әшіров Нұркен Нұрғалиұлының «Желдірме» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл кітап Шу өңірінде өмір сүрген күйші-композитор, ақын әрі әнші Әшірәлі Шыңқожаевтың 100 жылдық мерейтойына орай күйлері мен әндері жинақталған өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған алғашқы еңбек.

Сондай-ақ, қолдағы бар музыкалық мұралары нотаға түсіріліп, жаңа үлгіде қайта ұсынылып отыр.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар бөлімінің қызметкері Қарабаев Құрмет Қабделхалықұлы ашып, сөз кезегін модератор Ардақұлы Алматқа берді.

Сөз сөйлегендер: А.Жүдебаев, М.Тоқашбаев, Е.Үсенов, Б.Абдрашев, М.Қа-дыров, Е.Сқақов, т.б

Шара барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері: Д.Қазкенов, Е.Есбердинов, С.Абдуақап, А.Надырхановтар Әшірәлі Шыңқожаевтың күйлерін орындады.

Тұсаукесер рәсімінде Әшіров Нұркен Нұрғалиұлының «Желдірме» атты кітабы ҚР Ұлттық кітапханасының қорына және қатысушы қонақтарға сыйға тартылды.

Аширов2   Аширов5   Аширов6

 

Аширов1   Аширов3   Аширов4