+7 (727) 267-28-83

Бөкейханов5 наурыз, сағат 11.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Н.Дәулетова атындағы залында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист, елдің саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған тұлға туралы пайымдауларымен ашып, сөз кезегін тарихшы, филология ғылымдарының кандидаты, әлихантанушы-ғалым, шара модераторы Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлына берді.

Дөңгелек үстел барысында  тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі М. Қойгелдиев, филология ғылымдарының докторы, әлихантанушы-ғалым А. С. Ісімақова,  ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарихшы  Х. Әбжанов, Орталық мемлекттік архив директорының  орынбасары М. Ғ. Жылысбаева, жазушы, публицист, ғалым Б.О. Қойшыбаев,  заңгер, ғалым, заң ғылымдарының кандидаты  Е. Қ. Нұрпейісов сөз сөйлеп, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның кейінгі ұрпаққа қалдырған мәдени-тарихи мұрасын тәуелсіздік жылдарындағы жарияланған тың мәліметтер негізінде талқылап, XX ғасырдың басында құрылған «Алаш» партиясының Қазақстан тарихында алатын орны мен негізгі идеясына талдау жасалды.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты  Қ. Ж. Иса, белгілі алаштанушы ғалымдар: Б.О. Қойшыбаев, Ә. Қ. Ғарифолла, Аманқос Мектеп, С.Ө. Смағұлова, Е. Қ. Нұрпейісов, М. Ғ. Жылысбаева, Г. М. Абикова және т.б. ғылыми қызметкерлер, кітапхана мамандары қатысты.

Іс-шараны Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы қорытындылады.

Бокейханов5   Бокейханов7   Бокейханов2   Бокейханов10
Бокейханов1   Бокейханов4   Бокейханов6   Бокейханов8
Бокейханов11   Бокейханов9   Бокейханов3