+7 (727) 267-28-83

біркітапбірел

14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Бір ел - бір кітап ˗ 2021» республикалық акциясына арналған онлайн кездесуге қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова, «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б. Жаркналова, топ жетекші Қ.Н. Қасымбекова қатысты.

А.Х. Юсупова өз сөзінде «Бір ел - бір кітап - 2021» республикалық акциясының маңыздылығын атап өтті және қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қ.Н.Қасымбекова 2021 жылы оқырмандармен ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашылары арасында сауалнама жүргізу арқылы көпшілік оқуға арналған кітаптарды таңдау туралы айтты. Сауалнама нәтижелері бойынша көпшілік дауыстың шешімімен қазақтың екі танымал халық ақыны Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаев басым дауысқа ие болды.

Қазақстанда «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Акция қазақ әдебиетін танымал ету, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізіліп отыр.

Онлайн кездесудің модераторы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Дәуренбекқызы Мұналбаева болды.

Жыл сайын «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында ел кітапханаларының оқу залдарында түрлі іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, акция туралы ақпарат беріліп, шығармалары оқырмандар назарына ұсынылады.

Кездесуге қатысушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет, Қазақстанның танымал ақын-жазушылары және т.б.

бірелбіркітап