+7 (727) 267-28-83

Рудомино

9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Б.К., директордың кітапхана жұмысы жөніндегі орынбасары Юсупова А.Х. және директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Исқалиева Н.А. «Халықаралық кітапханалық ассоциациялар федерациясындағы (IFLA) орыс кітапханалары: келісімнің жаңа форматы» атты әдістемелік дөңгелек үстелге қатысты, ұйымдастырушылар М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік шетел әдебиеті мемлекеттік кітапханасы (БШӘМК) және Ресей мемлекеттік кітапханасы (РМК).

Дөңгелек үстелдің мақсаты - кәсіби қоғамдастықты IFLA 2019 - 2024 Стратегиясының мазмұны мен барысымен, IFLA 2021 Дүниежүзілік кітапханалық ақпараттық конгресін өткізу туралы өзекті ақпараттармен таныстыру. Дөңгелек үстел модераторы М.И.Рудомино атындағы БШӘМК бас директорының кеңесшісі, Ресей Кітапханалар Қауымдастығының (РКҚ) басқарма мүшесі С. А. Горохова.

Құттықтау сөз сөйледі: М.И. Рудомино атындағы БШӘМК бас директорының м.а. Кузьмин П.Л., Мемлекеттік қоғамдық тарихи кітапхананың директоры, РКҚ Президенті М.Д.Афанасьев, РМК бас директоры Дуда В.В. Жұмыс барысында IFLA-дағы реформалар, стратегиялық жоспарлар, кәсіби үйлестірудің жаңа форматтары және тұлғааралық байланыс талқыланып, пікір алмасу болды.

Рудомино1   Рудомино2

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 230 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.