+7 (727) 267-28-83

выез

27 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған 87-ші концерттік маусымның ашылуына орай және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концертте көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, әлемдік және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған 87-ші концерттік маусымын ашты.

Мерекелік шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың ерен еңбегін атап өту, оның жетістіктері мен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін, елімізді 30 жылға жуық басқарған қызмет жолын көрсету.

Кітап көрмесінде Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызмет жылдары: металлург, қоғам мен партия жетекшісінен саяси көшбасшыға дейінгі жолды қамтитын материалдар, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық, саяси жетістіктері, Елбасының сіңірген еңбегі мен Тәуелсіз елдің дамуына қосқан үлесі ұсынылды.

Мерекелік концертті тамашалаған қонақтар кітап көрмесіне үлкен қызығушылық танытты. «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекші маманы Г.К. Әлібекова көрмеге шолу жасады.

выезд   вызвыс   вызвыставка