Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстандың Кітапханалық Одақ жанындағы Виртуалды кітапханалық мектеп қызметінің аясында 2020 жылғы 26 қазан - 3 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандарына кәсіби біліктілікті арттыру курсын жүргізді.
30 қарашада Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Туяқова Салима Тоқтасынқызы, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Бектұрбекова Фатима Құралбекқызы, Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Кулиева Баян Оңғарқызы, Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Аширова Фарида Гайдарқызы ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиетінің қызметі тәжірибесінен «Пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында бөлімнің негізгі қызыметтері, кітап бұрыштары және Ақпараттық Даму орталығы, Веб-РАБИС «Іздеу және тапсырыс» «Кітап берілімі», кітап және виртуалды көрмелер мен кітапханашылар этикасы туралы сөз қозғалды. Әріптестердің сұрауы бойынша сұрақ-жауап түрінде диалог болды.