Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында ғалым-археолог, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Карл Молдахметұлы Байпақовтың 80 жылдығына арналған "Қазақ археологиясының сардары" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Байпақов Карл Молдахметұлы 1940 жылы 17 қарашада Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келген. 1963 ж. Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.
1963-1989 жж. - Қазақ КСР Ғылым академиясының Ч.Ч.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, аға ғылыми қызметкері. 1966 жылы «Ортағасырлық қалалар және Жетісу қоныстануы (VII ˗ XII ғғ)» кандидаттық диссертация, 1986 жылы «Ортағасырлық қала мәдениеті және VI ғасырдағы XIII ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу Дамудың негізгі сатылары мен қозғалысы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1989-2010 жж. – ҚР ҰҒА мүшесі, А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры. 1991 жылы ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» экспедициясын басқарды, 2011 жылы ‒ «Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Өмірінің соңғы жылдары ЮНЕСКО қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры болды. 1966 жылдан бастап С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) дәріс берді.
К.Байпақов Қазақстан мен Орта Азиядағы Ортағасырлық археологияның көрнекті маманы болды. Оның Отырар, Құйрықтөбе қонысы, Қостөбе қорымы, Қойлық қалашығындағы буддалық ғибадатхана және басқа көптеген ескерткіштерді толық көлемде зерттеуі Қазақстанның ежелгі тарихының дереккөздерін кеңейтіп, байытты.
К.Байпақовтың ғылыми жетекшілігімен 40-тан астам кандидаттық және докторларық диссертация қорғалды. 500-ден астам басылымдардың, көптеген монографиялардың, 6 оқулықтың авторы: «Древний Отрар» (1972), «По следам древних культур Казахстана» (1990), «Археология Казахстана» (1993), «Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути» (1998), «Археология Казахстана: Учебное пособие для студентов вузов» (2006), «Древняя и средневековая урбанизация Казахсана» (по материалам исследований Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции) (2012), «Выдающиеся археологические памятники Казахстана» (2014) және т.б.
К.Байпақовтың ғылыми қызметтері мемлекеттік наградалармен марапатталған: «Парасат» (2003) және 3 дәрежелі Барыс ордендерімен (2010), ЮНЕСКО-ның «Әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін» (2005), Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы күміс медалі. «Үздік автор» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан үлесі үшін» мерейтойлық медальдарымен (2012). Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1988, 2017), «Платина Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2007). ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Карл Байпақов 2018 жылы 23 қарашада қайтыс болды.
ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан шыққан «Қазақ археологиясының сардары» атты кітап көрмесінде Карл Байпақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның ғылыми еңбектері, мақалалары, диссертациялары, авторефераттары сонымен қатар мерзімді басылым беттеріндегі ғалымдардың естеліктері ұсынылды.
Кітап көрмесіне шақырамыз!