+7 (727) 267-28-83

москва

28-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің мамандары М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы ТМД және Шығыс Европаға арналған сақтау және консервациялау бойынша ИФЛА орталығының ұйымдастырған «Кітап ескерткіштері сақталу аспектісінде» атты онлайн - Пәнаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясына қатысты. Қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің жетекшісі Б. Ш. Сәрсенбаева «Орталық Азия бойынша құжаттарды сақтау және консервациялау бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығының жұмыс тәжірибесі» баяндамасымен сөз сөйлеп, Орталықтың жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.

2 күн ішінде «Соvid-19 пандемиясының арнайы топтамаларды сақтау және консервациялау жөніндегі іс-шараларға әсерін бағалаудан» бастап «Қолжазба мәтіндерінің сақталу дәрежесіндегі айырмашылықтарды зерттеу» және «Қолжазбалар мен картиналардағы пигменттерді анықтау үшін қолданылатын талшықты шағылысатын спектрометрдегі» жұмыстарға дейінгі әртүрлі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды.

Академик И.Э. Грабар атындағы Бүкілресейлік көркем ғылыми-қалпына келтіру орталығының жоғары санатты қалпына келтірушілері  И. С. Белякова мен Е. В. Мымрина жүргізген «Үлкен форматты құжаттар - плакаттарды қалпына келтіру» шеберлік сыныбы посткеңестік кеңістікте 2 күн бойы көрсетіліп, мамандардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Алынған ақпарат біздің жас қалпына келтірушілерімізді  жеке білімдері мен дағдыларын дамытуда қызығушылығын тудырып, олардың біліктіліктерін арттыруға айтарлықтай ықпалын тигізді.

москва1   москва2

 

Сайтта

Қазір сайтта 264 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.