+7 (727) 267-28-83

berdigalieva28 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 110 жылдығы аясында Қазақстандық Кітапханалық одағының кезекті жұмыс отырысы өтті.

 

Іс-шара модераторы: «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы студиясының жетекшісі, журналист, ақын Жағыпарұлы Бақыт.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тарихы туралы баяндама жасап,  құттықтау сөз сөйледі.     

Ұлттық кітапхананың 110 жылдығымен кітапханалық серіктестер мен әріптестер – Венгрия Бас консулы Ференц Блаумани; Ресей Мемлекеттік кітапханасының Бас директоры Вадим  Валерьевич Дуда; Ресей Ұлттық кітапханасының Бас директоры Александр Павлович Вершинин; Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының директоры Керим Тахиров; Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Жұлдыз Бакашова; Тәжікстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Джумахон Файзализодадан  құттықтаулар келді.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР кітапханалар қауымдастығының президенті, тарих ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің иегері, 40 жылдан астам ғұмырын кітапхана ісін дамытуға арнаған, ҚР Ұлттық кітапханасын 16 жыл басқарып, оның «Ұлттық» мәртебе алуына, республика кітапханаларының әлемдік кітапханалық кеңістікте танылуына жол ашқан, Халыққа білім беру ісінің үздігі Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева атындағы кітапханатану залының ашылу салтанаты өтті.

Залдың ресми ашылу лентасын Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Жұрынбаев Ерлан Сыдықұлы, Роза Аманғалиқызының жұбайы – Марат Рақымберліұлы кесті.

Ашылу салтанатында Роза Бердіғалиеваның үлкен қызы Жұмабаева Құралай Маратқызы жүрекжарды лебізін, ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымына алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Роза Аманғалиқызы туралы естелігімен бөлісіп, игі істері мен адамгершілік болмысын еске алды.

Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы Р.Қ.Мыспаева Роза  Бердіғалиеваға арналған стендіне шолу жасады.

Шара соңында Р.А.Бердіғалиеваның отбасы сыйға тартқан «Мен артымда із қалдырғым келеді...» атты естелік кітабы қелген қонақтарға таратылды.

berdigalieva1   berdigalieva3   berdigalieva2