Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Экспресс К» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
«Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена») − Қазақстанның республикалық қоғамдық-саяси газеті. Алғашқы нөмері 1920 жылы Орынборда жарық көрді. 1920 жылдан «Красная молодежь», «Юношеская правда» (1922-1923жж.) және «Комсомолец» (1924 -1925жж.) атаулармен шығарылды. 1928 жылдан қайта жаңғырып, «Ленинская смена» деп аталып, 1929 жылы газет Қызылордадан Алматыға көшірілді. Қазақстанның жастары арасында әрі үгітші, әрі насихатшы, әрі белсенді ұйымдастырушы болып келеді.
Қалыптасуының алғашқы күндерінен бастап, «Ленинская смена» жастар арасында жаңа социалистік өмір идеяларын, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы әртүрлі саяси әлеуметтік науқандарды насихаттауға және таратуға ықпал етті. Жаппай оқыту тәсілдері, сауатсыздыққа қарсы күрес, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі әртүрлі газет нысандары, ұлттық кадрларды даярлау, стахановшылар қозғаласын дамыту, Қазақстанды елдің шығысындағы қуатты экономикалық форпостқа айналдыру − осы және басқа да газет тақырыптары республикадағы социализм негіздерін салуда маңызды роль атқарды.
Ұлы Отан соғысы кезінде «Ленинская смена» газеті «Казахстанская правда» газетімен бірікті. Ұлы Отан соғысында ленсмендіктер С.Васильев, В.Казанцев, Е.Бард, Ю.Коротков, А.Кондратский және тағы басқалар жеңісті қорғауға үлес қосты. Оның тарихында тың тақырыптар ерекше орын алды. Газет тыңайған жерлерді игеруге байланысты барлық сұрақтарға жедел және іскерлікпен жауап берді. «Ленинская смена» жас тың игерушілерді ерлікке шақырды, ленсмендіктер тың жерлердің батырларын іздеді, олардың екпінді еңбегін жазды.
1973 жылы «Ленинская смена» газеті үшін маңызды жыл болды. Жастарға коммунистік тәрбие беру және оларды экономикалық және мәдени даму міндеттерін орындауға жұмылдыру жөніндегі жемісті жұмысы үшін газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
«Ленинская смена» социализм кезеңінде Қазақстан комсомолына жоспарды жүзеге асыруға белсенді түрде көмектесті. Оның назары негізінен экономикалық реформаны, бесжылдықтың тапсырмаларын табысты орындау үшін бәсекелестікті ұйымдастырудың мәселелеріне бағытталды.
1991 жылы 28 тамызда «Ленинская смена» газеті «Экспресс К» болып өзгерді. Алайда, осындай жас ерекшелігіне қарамастан, газет өзінің серпіні мен шығармашылық әлеуетін жоғалтқан емес. Қазақстан өміріндегі аса маңызды оқиғаларды және басты жаңалықтарды жариялаумен айналысты.
«Экспресс К» «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. «Алтын жұлдыз» байқауында газет «орыс тіліндегі республикалық газет» номинациясында 2001 жылдың үздік газеті танылса, 2003, 2004, 2008 жылдары «Жыл таңдауы» байқауында Қазақстандағы №1 газетке айналды. 2009 жылы «Экспресс К» газетінің баспасы Астанаға көшті.
Газет Қазақстанның барлық өңірлеріне тарайды. Таралымы 51 500 астам дананы құрайды. Қазіргі уақытта газеттің Бас редакторы Илья Гук.
Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған материалдар, «Экспресс К» газетінің әр жылдардағы тігінділері, белгілі жазушылар мен журналистердің, қоғам және саяси қайраткерлердің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылды.
Көрмеге шақырамыз!