+7 (727) 267-28-83

kitaphanalyk

Қазақстандық Кітапханалық Одақ қызметі ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының келісімімен 26 қазаннан 3 желтоқсан аралығында кітапхана мамандарының кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге арналған виртуалды кітапханалық мектебін ұйымдастыруда.

Аптасына 1 сағаттан 2 рет, 12 семинар-тренинг «Кітапхана қорын торлықтыру саясаты, Әмбебап ондық жіктеу жүйесі, Библиографиялық жазбаны қалыптастыру ережелері, Библиографиялық дерекқорға мерзімді басылымдар мен жинақтардан ақпараттар іріктеу, Библиографиялық анықтамалар орындау, қызмет көрсету технологиясы, Библиографиялық көрсеткіштер құрастыру, Құжаттарды қайта қалпына келтіру, Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету» т.б. тақырыптарын қамтиды.

Семинар-тренингтің бірінші сабағына Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Ф.Қ. Бектурбекова және Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің мамандары Г.Б. Смагулова, Н.Т. Матаева қатысып, «Кітапхана қорының толықтыру. Кітапханалық қорды толықтыру саясаты. Кітапханалық қорды қалыптастыру технологиясы» бойынша сабақ жүргізді.

kitaphanalykodak