+7 (727) 267-28-83

rguglav

21 қыркүйектен 30 қазанға  дейін  «Орталық мемлекеттік мұрағат» РММ-нен 10 адамнан тұратын қызметкерлер тобы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының базасында Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру  бойынша мектепте оқудан өтуде.

19 қазаннан бастап Орталық мемлекеттік мұрағаттың мамандары – Г.А. Сатамбаева, А.Б. Сералиева, А.А. Смағұлова  және А.Р. Рысбекова   ҚР Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің қызметкерлері құжаттық мұраны қалпына келтіру бойынша білімдері мен біліктіліктерін  жетілдіреді.

Тағылымдамадан өтушілер тәжірибені құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасынан бастады: оларға қағаз құжаттарды консервациялау бойынша теориялық білім берілді және зертханада орындалатын тәжірибелік әдістер көрсетілді. Биологиялық тұрақтандыру бойынша мыналар көрсетілді: камерада зарарсыздандыру, парақтарды тазалау, биоцидпен өңдеу; физикалық-химиялық тұрақтандыру бойынша: қышқылдықты бейтараптандыру, әртүрлі ерітінділермен ластанудан тазарту, жабысқан парақтарды ажырату және т.б. құжаттардың сақталуы саласындағы жаңа технологиялар туралы айтылды: рН қалам - тестері, Буккиппер Спрейі және т.б. Содан кейін тыңдаушылар қалпына келтіру және түптеу секторында жалғастырды, онда олар кітаптарды жөндеу және қалпына келтіру жөнінде білім алуда: Желім дайындау, жөндеу мен түптеуді қалпына келтіру және т. б. тәжірибелік жұмыстар барысында мамандар қалпына келтіру материалдары мен құралдарының түрлерімен танысады,  жаңа құралдарды меңгереді.

rgu21   21rgu
rgu30   gu2130

 

Сайтта

Қазір сайтта 273 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.