+7 (727) 267-28-83

d1

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы, Мәдениет саласының үздігі Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы «100» қайраткер әйел: анықтамалық-энциклопедиясына енді.

Бұл анықтамалық-энциклопедияда Тәуелсіздік алған күннен бүгінге дейінгі Егемен Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қайраткер тұлғалардың ғұмырнамалық келбеті топтасты. Елім деген азаматтардың қоғамды алдыға қозғап, ғасырға бергісіз 25 жылда мемлекетіміздің нығаюы жолында жасаған еңбектері нақты деректермен көрсетілген. Еліміздің әрбір жетістігінің астарында алуан түрлі тағдырлар бар екенін ескеріп, олардың үлгілі ғұмырларын дер кезінде хатқа түсіріп, келешекке ұлағат боларлық қайраткерлік болмыстары сипатталады.

Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызын сала мамандары еліміздің кітапхана ісінің ақпараттық, ғылыми-методикалық орталығы – ҚР Ұлттық кітапханасының директоры ретінде ғана емес, еңбек жолын қатардағы кітапханашылықтан бастап, 40 жылға жуық кітапхана саласында еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген қайраткер ұстаз ретінде де құрмет тұтады.

100d

Сайтта

Қазір сайтта 252 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.