+7 (727) 267-28-83

Mekemtas

16 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында көрнекті ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына арналған «Асыл адам айнымас» атты онлайн ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Шараның модераторы Халықаралық Түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы.                                                    

Конференцияға ҚР Мемлекеттік хатшысы Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, ҚР ҰҒА Президенті, академик Жұрынов Мұрат Жұрынұлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы мерейтой иелерін құттықтап,  жылы лебіздерімен бөлісті.                                                       

Шара аясында М.Мырзахметұлының «Абайдың шығыстық әлемі» және О.Смағұловтың «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Мерейтой иелері: Мекемтас Мырзахметұлы – Түркі академиясының Алтын медалі,  Оразақ Смағұлұлы – В.Томсен медалімен марапатталды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына арналған көрме ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.        

Mekemtas1   Mekemtas2

 

Mekemtas3   Mekemtas4

 

Mekemtas5   Mekemtas6

 

Сайтта

Қазір сайтта 743 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.