+7 (727) 267-28-83

SharmanovӨ.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі, ҚР ҰҒА академигі  Төрегелді Шарманұлы Шармановтың  90 жылдығына арналған «Отандық тамақтану жүйесінің академигі»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Шарманов Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірді. 1955-1958 жж. сол  оқу орнында аспирантурада оқыды.

1961 жылы «Синтомицин мен левомициннің қанға әсерін эксперименталды зерттеу материалдары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады, 1968 жылы «Қазақстандағы гиповитаминоз С және оның организмнің бруцеллездегі иммунобиологиялық реактивтілігіне әсері» атты докторлық диссертациясын қорғады.

Т.Шарманов еңбек жолын 1958 жылы Ұлытау орталық облыстық ауруханасының бас дәрігері болып бастаған, 1962-1968 жж.‒ Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі Аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтының тамақтану бөлімінің басшысы, 1968-1971 жж. ‒ фармакология кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ректоры, 1971-1982 жж. ‒ Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі, 1973-1984 жж. ‒ КСРО медицина ғылымдары академиясының  аймақтық тамақтану проблемалары институтының бөлім меңгерушісі, 1988 ж. - Аймақтық тамақтану проблемалары институтының директоры, 1994 ж. ‒ «Қазақстан Республикасының тамақтану институты» Акционерлік Қоғамның президенті.

1995 ж. ‒ ҚР Профилактикалық медицина академиясының президенті, 1996 ж. ‒ «Азамат» қоғамдық қозғалысының құрметті тең төрағасы, 2000-2001 жж. вице-президент, ҚР ғылыми-технологиялық ұйымдар қауымдастығының президенті.

Академик Т. Шармановтың дүниежүзілік және ұлттық денсаулық сақтау ісіне қосқан елеулі үлесі оның бастамасымен 1978 жылы Алматы қаласында ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің қолдауымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі халықаралық конференцияны өткізді. Конференцияда әлемдік денсаулық сақтау негізі құжаттарының бірі болып табылатын Алматы декларациясы қабылданды. Декларацияда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ұлттық жүйесін ұйымдастыру тұжырымдамасы көрсетілген.

Т. Шарманов ‒ Қазақстандағы және Орта Азия республикаларындағы диетологтар мектебінің негізін қалаушы, «Қазақстан Республикасындағы ұлттық тамақтану саясаты» (1996) ғылыми еңбегінің авторы, ДДҰ тамақтану мәселелері жөніндегі сараптама (комитетінің және Қазақстандағы және шетелдегі басқа қоғамдық ұйымдардың мүшесі. 8-10 шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы  кеңесінің Депутатығына кандидат (1990). Үш рет ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды.

Т. Шармановтың ғылыми жетекшілігімен 44 докторлық және 170 кандидаттық диссертация қорғалды. 360-тан астам жарияланымдардың авторы, оның 22: «Тамақтану және денсаулық»(1974), «Ақуыздармен тамақтану және С дәрумені» (1977), «А дәрумені мен ақуыздармен тамақтану» (1978), «Қазақстан денсаулық сақтау» (1978), «Денсаулық сақтау экономикасы және Қазақстандағы мемлекеттік денсаулық сақтау қызметінің болашағы» (2000), «Ұлы Алматы конференциясына  дейін және одан кейінгі бүкіл әлемдік денсаулық сақтау» (2003) және т.б. Өнертабыстар мен патенттерге 26 авторлық куәлігі бар.

Ғылыми қызметі үшін Т. Шарманов Октябрь революциясы (1996), Халықтар достығы (1980), Парасат (1996), 1-дәрежелі Достық (2010), Барыс (2016) ордендерімен, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов атындағы және «Еңбек ерлігі үшін» медальдарымен (1969),  «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай»  Әлемдік денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін ДДҰ-ның  Леон Бернард атындағы ең жоғарғы наградасымен марапатталған (2005). ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001,2019). Алматы қаласының құрметті азаматы.

Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан Төрегелді Шармановтың өмірі мен шығармашылығы  туралы материалдар, оның ғылыми еңбектері, мақалалары,  сонымен қатар  мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғалымдардың  естеліктері  ұсынылған.

 Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 290 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.