+7 (727) 267-28-83

Корея Кітап бұрышы 2020 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Корея Бас консулдығының арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде ашылды.

Жобаның демеушісі Корея Ұлттық кітапханасы.

«Кореямен танысу» - «Window on Korea» жобасы Корея Ұлттық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бастап шет елдердің кітапханаларында жүзеге асырылуда.

Корея Ұлттық кітапханасының демеушілігімен және Корея Бас консулдығының серіктестік көмегімен жаңа техникалық жабдықтары мен жиhаздармен қамтамасыз етілген оқу залы ұйымдастырылды.

Корея Кітап бұрышында корей тіліндегі ең үздік заманауи әдебиеттер, сондай-ақ Кореяның ұлттық қолданбалы өнерінің үлгілері ұсынылған.

Корея кітап бұрышының қызметі:
- оқырмандарға Корейдың заңдар, мәдениеті, тарихы, бизнесі туралы басылымдармен қызмет көрсету;
- екі мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған көпшілік шараларды (конференция, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер) өткізу.

Кітап бұрышында ақпараттық терминал жұмыс істейді, онда оқырмандар үшін Корей Ұлттық кітапханасының қызметі туралы бейне-экскурсия, ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы корей тіліндегі әдебиеттер, Корея экономикасының дамуы, тарихы мен мәдениеті туралы бірқатар бейнероликтер ұсынылған.

Сайтта

Қазір сайтта 414 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.