6-қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш. Сәрсенбаева «РФ 2021-2030 жж. кітапхана қорларын сақтау бағдарламасының III кезеңінің жобасын талқылау» Ресей мемлекеттік кітапханасының онлайн-конференциясына қатысты.
Іс-шараның мақсаты: кең аудиторияны кітапхана қорларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстармен таныстыру; аймақтық кітапханалар базасында қалпына келтіру орталықтарының модельді желісін құру; пайдалану үрдісінде қорларды сақтау; кітапхана қорларын сақтау және кітапхана қорларын консервациялау саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша мамандарды оқытуды ұйымдастыру.
Конференцияда келесі бағыттарды әзірлеушілер: А.А.Сошнин жобалық кеңсенің басшысы, РМК қорларының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының бастығы; О.А.Саломатина РМК қорларының сақталуын қамтамасыз ету басқармасы кешенді жобалар бөлімінің бастығы; А.А. Кащеев РМК кітапхана қорларын қалпына келтіру бөлімінің алдын-ала консервациялау секторының меңгерушісі; Е.Н.Гусева РМК мемлекеттік және басым жобалар департаментінің директоры; А.Г. Горяева Санкт-Петербург қаласы кітапхана қорларын консервациялау Федералды орталығының жетекшісі және Динеева О.В Мәскеу қаласы Мемлекеттік көпшілік тарихи кітапханасына қызмет көрсету жөніндегі директордың орынбасары сөз сөйледі.