+7 (727) 267-28-83

tamiz okulari online 228 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының Тамыз оқулары» атты жыл сайынғы  (ІV–Тамыз оқулары) онлайн  кездесуі өтті.

Дәстүрге айналған бұл кездесуді Алматы қалалық соты ҚР Ұлттық кітапханасының қолдау көрсетуімен өткізді.  Кездесу іс-шараның модераторы,  ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және Алматы қалалық сотының төрағасы Смайлов Асқар Спартакұлының құттықтау сөздерімен ашылды. Сондай-ақ, Алматы қаласы  Мәдениет басқармасы басшысының кеңесшісі Алиев Данияр Абзалиденұлы  қатысушыларды Конституцияның 25 жылдығымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Онлайн кездесуде Алматы қалалық сотының судьялары Мейржанова Гүлнар Серікбайқызы,  Жайлаубай Жанат Несіпбайұлы, Ауезов аудандық сотының төрағасы Сембаев Данияр Қазалиевич,  Алмалы аудандық №2 сотының төрағасы Тулеев Ербол Буратұлы, Алатау аудандық сотының судьясы  Карабаев Нұржан Ерубайұлы  сөз сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті.

 

tamiz okulari2  
tamiz okulari1
tamiz oku       tamiz oku 1

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 732 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.