+7 (727) 267-28-83

25 тамыз, сағат 15.00-де Н.Қ. Дәулетова атындағы залда Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы  Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінен ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға кітап тарту рәсімі өтеді.

25 тамыз, сағат 15.00-де Н.Қ. Дәулетова атындағы залда Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы  Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінен ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға кітап тарту рәсімі өтеді.

Ирина Владимировна Переверзева – Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық кітапханасының ескі досы және сенімді серіктесі. Оның көпжылдық жемісті жұмысының арқасында бірлескен мәдени және білім беру жобалары іске асырылды.

Ресей кітап бұрышы барлық қазақстандықтар үшін Ресейдің өзіндік ақпараттық ашық қақпасына айналды. Ирина Владимировнаның тікелей қолдауымен және жеке қатысуымен 25 қаңтарда ресейлік студенттер күні ретінде атап өтілетін «Татьяна күні» қарсаңында кітапхана қорына кітап сыйлау рәсімін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды.

Бүгінгі таңда Ресей кітап бұрышында 4000-нан астам кітап бар, олардың ішінде Ирина Владимировна Переверзеваның жеке кітапханасынан 199 кітап, сонымен қатар жазушылардың жеке қолтаңбасы бар басылымдар бар. Бірлескен қызметтің негізгі бағыттары іс-шаралар, кездесулер, конференциялар, тұсаукесерлер өткізу болды.

Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін  Ирина Владимировна Переверзева Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» - «Отличник библиотечного дела» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары И.В. Переверзеваға Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіре отырып,  оған зор денсаулық, табыс, амандық тілейді.

Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға кітап беру рәсімімен аяқталады.

 

Сайтта

Қазір сайтта 685 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.