+7 (727) 267-28-83

7

Жұбанова Ғазиза Ахметқызы: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Жубанова Газиза Ахметкызы: рекомендательный библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Р.М. Абишева, Ш.Б. Үсенбаева; ред.: Ә.Ш. Сәйдембаева, А.Х. Юсупова. – Алматы, 2017. – 106 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Ұсыныстық биобиблиографиялық көрсеткіш композитор, педагог, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, профессор Жұбанова Ғазиза Ахметқызының 90 жылдық мерейтойына арналады. Көрсеткіште 1954 жылдан 2017 жылдың қараша айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды.
Басылым ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға және көпшілік қауымға арналған.

 

9

Әбсаттар қажы Дербісәлі – шығыстанушы, мүфти, дипломат: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; жауапты редактор Ж.Т. Сейдуманов. – Алматы, 2017. – 86 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Библиографиялық көрсеткіш шығыстанушы ғалым, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, Республикамыздың мемлекеттік 10 университетінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Араб тілі» ғылым академигі Дербісәлі Әбсаттар қажының 70 жылдық мерейтойына орай өмірі мен қызметіне арналып шығарылды. Көрсеткіште 1970 жылдан 2017 жылдың қыркүйек айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды.  Еңбек ғылыми қызметкерлерге, дін мамандарына, тарихшыларға және жалпы оқырман қауымға арналады.