+7 (727) 267-28-83

32Құрметті әріптестер! «Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының екінші саны оқырмандарына жол тартты.

Журнал Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы туралы ақпаратпен және ҚР Ұлттық кітапханасында ашылған «әл-Фараби» ғылыми орталығына аңдатпамен ашылған. Сондай-ақ, онда су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтарал ауданы «Жеңіс» ауылының тұрғындарына көрсетілген гуманитарлық және материалдық көмек туралы мәлімет берілген.

Журнал ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанованың «В память потомкам: Национальная библиотека Республики Казахстан в годы Великой Отечественной войны» атты мақаласымен ашылған. Мақалада кітапхананың мақтанышы ҰОС ардагерлері мен Тыл еңбеккерлері жайында сөз болады. Сондай-ақ, одан ҚР Ұлттық кітапханасы қатысқан «Кітапханалар жеңістің куәгерлері» атты Ресейдің ашық ресурсы және оның кейіпкерлері болған ардагерлеріміз туралы жан-жақты оқып білеміз.

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Қ.Уразаева «Сарқылмас парасаттың сарайысың» мақаласында аталмыш кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығына орай атқарылған жұмыстарға шолу жасайды.

Ал, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жетекшісі Д.А.Қонаев өзінің «Мухтар Ауэзов и Чингиз Айтматов» мақаласында Қазақстанның тарихын бауырлас ел – Қырғызстан тарихымен сабақтастыра отырып, қос елдің ғұламалары – М.Әуезов пен Ш. Айтматов жайлы сыр шертеді.

Журналда Павлодар қ. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнаулы кітапхана» КММ басшысы Ж.К.Кенжебекова «Создание комфортной среды для лиц с ограниченными возможностями» атты мақаласында кітапхананың жетістіктері мен қажеттіліктеріне тоқталады.

Сонымен қатар, «Көпшілік кітапханалар онлайн тәртібінде» атты мақаласында ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова елімізде жарияланған карантин жағдайындағы республика кітапханаларының атқарып отырған шаруаларына тоқталып, түрлі мазмұнда өткізілген барлық іс-шараларға статистикалық талдау жасайды. Осылайша, мақалада кітапханашы мамандарының ел мәдениетін өркендету жолындағы қалтқысыз еңбегі лайықты айшықталады.

Жоғарыда аталған мақала тақырыбымен үндес жазылған «Шал ақын аудандық ОКЖ» КММ директоры К.Ш.Байтукинаның «Книга против карантина: библиотеки нового формата» мақаласында аталған мекеменің жаңа жұмыс бағыты бойынша атқарған қызметтері кең көрініс табады.

Оқырмандар үшін журналдағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты журналист А.Берікұлының, В.А.Сухомлинский атындағы Украин мемлекеттік ғылыми-педагогикалық кітапханасы Ғылыми ақпараттық-библиографиялық қызметтер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері С.Янюктің «Исследование вопросов психологии средствами библиотечного электронного каталога (на примере базы данных «Периодика» - «Scientifically-informative providing of psychology questions researches by library electronic catalogue resources (by example of «periodicals» database)», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Қ.Салиеваның «Ақпараттық бағдарлама артықшылығы» және Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Г.Т.Нугуманованың «Вся мудрость в книгах», ҚР Ұлттық кітапханасы Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметінің кітапханашысы Т.Н.Орманбековтің «Фараби ғылыми орталығы ашылды» мақалаларының тарихи-танымдық және практикалық пайдасы атап айтарлық.

Құрметті әріптестер, Сіздерден республика кітапханашыларының төл басылымы саналатын «КІТАП & КІТАПХАНА» журналына оқырман талғамына сай тартымды мақалалар күтеміз.

Ғылыми-әдістемелік қызметінің

топ жетекшісі А.Н.Шуленбаева

33   34

35

Сайтта

Қазір сайтта 584 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.