+7 (727) 267-28-83

12Қазақстандық Кітапханалық Одағы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бастамасымен және ұйымдастырумен республикалық онлайн-тренинг циклінің кезекті дәрісі  өтті.

Онлайн-тренинг модераторы ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстандық Кітапханалық Одағының атқарушы директоры А.Х.Юсупова болды.

Коуч-тренер, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Дүйсебаева Дариха Төребайқызы  «Фейк: бұл не және оны қалай тануға болады» тақырыбында дәріс оқыды.

Онлайн-тренингте ақпаратты тұтынушылардың көбісі мәліметтің шынайылығын яғни, фейк екендігін  ажырата білуге баса назар аудармайтындығы  туралы айтылды.

Әсіресе, апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көптеп тарайды. Ақпаратты қайта тексеру мүмкін екенін біле тұрса да, адамдар назар аудармай, енжарлық танытады немесе әлеуметтік желіде жалған ақпаратты әдейі тарата береді.

Хабарламаны тексерместен, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратады. Жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін азаматтар жалған ақпаратты тануы керек. Сондай-ақ, ҚР заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын білу. Дәріс барысында фейк ақпаратты тануға қатысты пайдалы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Сайтта

Қазір сайтта 249 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.