2020 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Заманауи кітапханалардың онлайн қызметтері» атты Халықаралық онлайн-семинар жұмысына қатысты.
Онлайн-семинарда ақпараттық-кітапханалық инфроқұрылымды дамыту, кітапхана қызметінің жұмысына жаңашылдық ендіру, пайдаланушыларға қызмет көрсетудегі веб-қызметтерді пайдалану, кітапханадағы электрондық қызметтерді қолдану үрдістері мен өрістету болашағы жан-жақты сөз болды.
Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова баяндама жасады.
Онлайн-семинар жұмысында Ресейдің, Молдованың Өзбекстанның Ұлттық кітапханалары және бірқатар Республикалық, өңірлік және университеттік кітапхана мамандары өз ойларын ортаға салды.