+7 (727) 267-28-83

2Қадыр Мырза Әлі (1935-2011): библиографиялық көрсеткіш = Кадыр Мырза Али: библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Д.А. Қыстаубаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. – Алматы, 2015. – 316 б. – қазақ, орыс тілдерінде.

Көрсеткіш ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің 80 жасқа толуына арналған. Көрсеткіште 1954 жылдан бастап 2015 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Көрсеткіш әдебиеттанушыларға, мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

 

1Мұстафа Шоқай: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; жоба жетекшісі және кіріспе сөзін жазған К.Л. Есмагамбетов; идея авторы Ә. Бәкір; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Д.А. Қыстаубаева, Сефа Хекимоглы; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. – Алматы, 2015. – 414 б.

Көрсеткіш қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді күрескері, көсемсөзші Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған. Бұл еңбекке 1916 жылдан бастап 2015 жылдың қыркүйек айына дейінгі кезеңде баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды.

Көрсеткіш Қазақстанның және Орта Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеушілерге, саясаттанушыларға, студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.