+7 (727) 267-28-83

1 3Өмірзақова Әмина Ерғожақызы: библиографиялық көрсеткіш = Умурзакова Амина Ергожакызы: рекомендательный библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Ш.Б. Салканова, Ш.Б. Усенбаева; ред.: А.Х. Юсупова, Ә.Ш. Сәйдембаева. – Алматы, 2019. – 80 б. – Қазақ, орыс тілдерінде. – («Қазақстан өнері» сериясы).

Ұсыныстық биобиблиографиялық көрсеткіш халық артисі, сахна және кино өнерінің шебері Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына арналады. Көрсеткіште 1965 жылдан 2019 жылдың ақпан айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды.

Басылым ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға және көпшілік қауымға арналған.

 

1 4Сапарбаев Бердібек Машбекұлы: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы. – Алматы, 2019. – 108 б. – қазақ, орыс тілдерінде.

Көрсеткішке ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Сапарбаев Бердібек Машбекұлының еңбектері, мақалалары мен ол туралы ақпараттар жинақталған. Бұл еңбекке 1989 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылған. Көрсеткіш саясаттанушыларға, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

 

 

1 5Қазақстан Республикасының 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2019 год: ұсыныстық әдебиеттер көрсеткіші / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Ш.Б. Үсенбаева, Ш.Б. Салканова; жоба жет. Б.Қ. Оспанова; ред. Б.Ж. Жунисбеков, Н.А. Искалиева. – Алматы, 2019. – 282 б. – қазақ, орыс тілдерінде.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*)  белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырман қауымға арналады.