+7 (727) 267-28-83

IMG 20200528 WA0009

27 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының жанындағы Каталогизатор мектебі аясында ҚР Ұлттық кітапханасы мен С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе отырып, «WEB-RABIS: жаңа форматтағы ақпараттандыру» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.

Конференция ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақ төрайымы Б.Қ. Оспанованың алғысөзімен ашылды.

Онлайн-конференцияға Ақтөбе облысының 80-нен аса кітапхана саласының мамандары  қатысты.

Онлайн-конференция жұмысы барысында ҚР Ұлттық кітапханасының  мамандары - Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.У.Сыдыкжанова, Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі Ә.Ш. Сайдембаева, Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жетекші маманы Н.Т. Матаева, «WEB-RABIS» бағдарламасының авторы Е.Б. Сапарғалиев дәріс оқып, сұрақ-жауап алмасты.

IMG 20200528 WA0010   IMG 20200528 WA0012
IMG 20200528 WA0008   IMG 20200528 WA0013