+7 (727) 267-28-83

abramov

Әлем әдебиеті залында кеңес, орыс жазушысы Ф. А. Абрамовтың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Федор Александрович 1920 жылы 29 ақпанда Архангельск облысының Веркола ауылында дүниеге келген. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Ленинград университеті филология факультетінің студенті майданға аттанды. Соғыстан кейін жоғарғы білім алып, ғылым кандидаты, Ленинград мемлекеттік университетінде Кеңес әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды. 1949 жылдан бастап әдеби-сыни мақалалар жариялады. 1975 жылы әскери және соғыстан кейінгі жылдары орыс ауылының өміріне арналған "Пряслины" трилогиясынан тұратын  романдар үшін мемлекеттік сыйлық алды. 1978 жылы Абрамов "Дом" романдарының циклын толықтырды. Федор Александровичтің туған жері орыс солтүстігіндегі Пинежьеде орын алған оқиға желісі бойынша жазылған "Деревянные кони"повесі оның шығармашылығында маңызды орын алды. 1973 жылы повесть сахналанды, ол бойынша Таганка театрында спектакль қойылды. Колхоз өмірі туралы әңгімелер мен очерктердің авторы: «Алька» (1972 ж.), «Бабилей» (1980 ж.), «Безотцовщина» (1961 ж.), «Бревенчатые мавзолеи» (1981 ж.), «Вокруг да около» (1963 ж.), «Деревянные кони» (1970 ж.), «Жила-была семужка» (1962 ж.), «Люди колхозной деревни в послевоенной прозе» (1954 ж.), «Мамониха» (1973 ж.) «М.А. Шолохов: Семинарий» (1958 ж.), «Медвежья охота» (1963-64 жж.), «Пелагея» (1969 ж.), «Поездка в прошлое» (1974 ж.), «Чем живем - кормимся» (1979 ж.). Жазушының өлімінен кейін «Чистая книга» романы жарық көрді - Ресейдің тағдыры туралы ойға арналған Ф.Абрамовтың ойлаған трилогиясының алғашқы кітабы.

Ленин орденімен (28.02.1980 ж.), ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен (06.08.1946 ж.) және "Ленинградты қорғағаны үшін", "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.  Верколда Абрамовтың мұражайы ашылды. 2018 жылы Федор Абрамов атындағы "Чистая книга " Бүкілресейлік әдеби сыйлығы қайта жанданды. Ресей Архангельск облысы губернаторының өкімімен 2020 жыл Федор Абрамов жылы деп жарияланды.

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының шығармалары мен ол туралы әдебиеттер қойылды.